15:49, 27 Тамыз 2010 | GMT +5
Қырғызстанның Сонкөлінде 2004 жылдан бері ихтиологиялық зерттеулер жүргізілген жоқ
АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Сонкөл көлінде 2004 жылдан бері ихтиологиялық зерттеулер жүргізілген жоқ. Бұл жөнінде «Қырғыз балығы» мемлекеттік мекемесі хабарлады, - дейді «24.kg». агенттігі.

Естеріңізге салайық, аса құнды балық түрлері санының күрт кемуіне байланысты, 2008 жылы Ыстықкөл және Сонкөл көлдерінде балық аулауға тыйым салынған болатын.
2010 жылғы тамыздың бірінші жартысында «Қырғыз балығының» мамандары Сонкөл көлінде бақылау және балықтардың сандық әрі сапалық деңгейін анықтау үшін балық аулады.
Биологиялық және статистикалық материалдар жиынтығы Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ихтиология және гидробиология зертханасына зерттеуге жіберілді.
Тексеру мораторийдің сақталмағанын көрсетті.