17:38, 12 Шілде 2010 | GMT +5
Қырғызстанның техникалық үкіметінің құрамы шілденің 13-інде жария етіледі
БІШКЕК. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Ертең, шілденің 13-інде Қырғызстанның техникалық үкіметінің құрамы жария етіледі, деп хабарлайды елдің уақытша үкіметінің аппаратынан.

Мәселен, бүгін ҚР өтпелі кезеңінің президенті Роза Отынбаева техникалық үкіметтің құрылымының тұжырымды нұсқасын бекітеді, ал ертең жаңа министрлер кабинетінің мүшелер құрамы ұсынылады.
ҚР уақытша үкіметі аппаратынан хабарлағандай, үстіміздегі жылғы шілденің 14-інде техникалық үкіметтің алғашқы отырысы өткізіліп, сол күні-ақ министрліктер мен ведомство өкілдерінен құралған ҚР делегациясы Астанаға ұшып кетеді. Бұл жерде Қазақстанның Қырғызстанға кешенді көмек көрсетуінің бірлескен жоғары деңгейдегі комиссиясының отырысы аясындағы кездесуге қатысады.
Осыған дейін ҚР-ына кешенді көмек көрсету туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасаған еді.