Қырғызстанның ТМД елдеріндегі экспортының тең жартысына жуығы Қазақстанның үлесіне тиеді

АЛМАТЫ. 9 қазан. ҚазАқпарат - ТМД елдеріндегі экспорт көлемі бойынша Қазақстан Қырғызстанның бірінші сауда серіктесіне айналды. Оны Қырғыз Республикасының Экономика министрлігінің Оңтүстік аймақаралық басқармасының басшысы Искандербек Маматов бүгін Алматыда өтіп жатқан ІІІ Орталық Азия форумында айтты.
None
None

«Қырғызстанның сыртқы тауар айналымы 2012 жылы 7 млрд. 503 млн. долларды құраған еді. Оның 5 млрд. 576 миллионы - импорт, 1 млрд. 927 миллионы - экспорт. Қаңтар-тамыз айларының қорытындысына қарағанда биыл сыртқы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,197-ден 6,080 млрд. долларға ұлғайып отыр», - дейді И. Маматов. Оның айтуынша, 8 айдағы сыртқы тауар айналымының 507,7 миллион доллары ТМД, 373,1 миллион доллары алыс шет елдердің үлесінде. ТМД елдерімен тауар айналымының 56 пайызы Ресей, 25,1 пайызы Қазақстан, 8 пайызы Өзбекстанмен жасалған. Ал ондағы экспорттың 48,1 пайызы Қазақстан, 21,9 пайызы Өзбекстан, 19,2 пайыз Ресей, 6,5 пайызы Тәжікстанға тиесілі.

Соңғы жаңалықтар