Қырғызстанның Жалалабад облысына Қазақстаннан 2 мың 142,8 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

Бұл туралы ҚазАқпаратқа Жалалабад облысы губернаторының бірінші орынбасары, гуманитарлық көмекті қабылдау және тарату облыстық штабының төрайымы Жұмагүл Эгембердиева хабарлады.
Оның айтуынша, 1 мың 387,7 тонна гуманитарлық көмек халықаралық ұйымдар арасында бөлінді. Маусымдық оқиғалар кезінде ең көп зардап шеккен Базарқорған ауданына 1 мың 31,9 тонна гуманитарлық көмек жіберілді.
Қазақстаннан азық-түлік пен құрылыс материалдары түрінде 43 вагон гуманитарлық көмек келіп жетті. Мың тонна күріш пен 60 тонна қара құмық аудандар мен облыстың қалалары арасында тұрғындар санына қарай бөлінді.
Атап өту керек, облыстық штаб гуманитарлық көмекті аудандар мен қалаларға таратып қана қоймай, оның одан кейінгі жергілікті жерлерде сұрыпталуына да қадағалау жасап отырады.