14:54, 22 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қыркүйек айының соңында Астанада VII туристік көрме өтеді
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Астанадағы «Көрме» кешенінде қыркүйектің 28-30-ы аралығында «AstanaLeisure 2010 - «Демалыс-Астана» VII халықаралық туристік көрмесі өтеді.
«AstanaLeisure - өз алаңында республиканың барлық өңіріндегі, таяу және алыс шетелдердегі туристік индустрия компанияларының басын қосатын ірі кәсіби туристік оқиға», делінген шараны ұйымдастырушы «ITECA» компаниясының хабарламасында.
Биылғы көрмеге жергілікті және халықаралық бағыттарда қызметтер ұсынатын 60-тан астам компания қатысқалы отыр. Сондай-ақ соңғы туристік өнімдер, әуе компанияларының арнайы ұсыныстары және туристік нарықтағы мемлекеттік құрылымдардың қызметтері таныстырылады.