Қыркүйекте Бішкекте «G-global жобасының діни-адамгершілік бағыты» атты Ыстықкөл форумы өтеді

Сенатор сапар аясында Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Жанторо Сатыбалдиевпен, Жогорку Кенеш депутаттары Э.Алымбеков, А.Сасыкбаева, Н.Никитенкомен кездесті. Сонымен қатар, ол Қырғызстан мәдениет және ақпарат министрі С.Раевпен, Мейманхана және мейрамхана бизнесі қауымдастығының президенті Р.Сарымсаковпен, Шыңғыс Айтматов халықаралық қорының президенті (Ыстықкөл форумы) А.Айтматовпен кездесті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
«Кездесулердің қорытындысы бойынша 2013 жылғы 13-14 қыркүйекте Бішкекте «G-global жобасының діни-адамгершілік бағыты» Ыстықкөл форумын өткізу туралы уағдаластыққа қол жетті. Бұл форум «Еуразия экономикалық ғалымдар клубы» ассоциациясы мен Нобель сыйлығы лауреаттары Астана клубының қолдауымен өтетін болады», - делінген баспасөз баянында.