Қыркүйекте «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы таныстырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл қыркүйекте «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы таныстырылады. Бұл туралы бүгін Астанадағы «Еуразиялық апталық» форумында ҚР Ақпарат және коммуникациялар Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атап айтқанда, біз екі маңызды мәселені алдымызға қойып отырмыз. Біріншіден, өзекті болып отырған цифрлық күн тәртіп, бүгінде ол ЕАЭО аясында да қаралуда. Нақты алғанда, бұл қадамдар елімізге пайдасын келтіруі тиіс. Екіншіден, цифрлық күн тәртіп Қазақстанның цифрлы кеңістігінің дамуын тежегенін қаламаймыз. Осы орайда біздің елдерде (ЕАЭО-ға мүше елдер) цифрландыру әртүрлі деңгейде екенін ұмытпауға тиістіміз, сондықтан да мемлекеттер бірін-бірі күтіп тұра алмайды», - деп атап тоқталды Д. Абаев.

Осы орайда министр «Цифрлық Қазақстанда» төрт бағыт қамталғанын, оның біріншісі инфрақұрылымға негізделгенін атап өтті.

«Қазақстан секілді үлкен ел үшін инфрақұрылым өте өзекті екенін жақсы түсінеміз. Интернеттің енуі деңгейі 70 пайыздан асады, алайды оның сапасы мүлдем әртүрлі. 2 мыңнан астам адам тұратын қалалар мен елді мекендер өте жақсы Интернетке қол жеткізіп отыр. Бірақ Қазақстанда халықтың 47 пайызы ауылдық елді мекендерде тұратынын естен шығармау керек, сондықтан қазір инфрақұрылымды құрмасақ, онда ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздікті теңестіру қиын болады», -  деді Дәурен Абаев.

Креативті қоғамды дамыту - ол бағдарламаның екінші бағыты болып табылады. Бұл тұрғыда цифрлық экономика үшін құзыреттілік пен біліктілікті дамыту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру ескерілген.

«Үшінші бағыт - экономика салаларын цифрландыру. Біз оны барлық секторларға, яғни құқық қорғау органдарынан бастап, экономикаға дейін жеткізгіміз келеді. Біз осы бағытта 130-дан астам іс-шараны, жауапты компанияларды, адамдарды және қаржыландыруды айқындадық. Сондықтан осы іс-шаралардың жүзеге асырылуы біздің еліміздің келбетін айтарлықтай өзгертеді деп ойлаймыз», - деді министр.

Төртінші бағыт белсенді жағдайға көшуді көздейді. Бұл электрондық және мобильдік үкімет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру қадамдарын қамтып отыр.

«Менің ойымша, 13 қыркүйектегі таныстырылым барысында негізгі басымдықтарды егжей-тегжейлі көрсететін боламыз», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанадағы «Еуразиялық апталық» форумында ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық кеңістігі туралы айтып берген болатын. 

Соңғы жаңалықтар
telegram