13:32, 14 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қыркүйектің 16-сы күні ҚР ТЖМ құрылымдарының ЕҚЫҰ саммиті мен Азиадаға дайындық бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығулары өтеді
СТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қыркүйектің 16-сы күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайының алаңында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың қатысуымен ЕҚЫҰ саммиті мен 2011 жылғы Азиадаға дайындық бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығулар басталады.

ҚР ТЖМ-нан мәлім еткендей, арнайы тактикалық оқу-жаттығулар«Қазқұтқару-2010» құтқару бөлімшелерінің 15-халықаралық жиын - семинары шеңберінде ұйымдастырылып отыр.
Тәуелсіздік сарайы алаңындағы жалпы жиыннан кейін оқу-жаттығулар Астана мен Алматы қалаларында және Алматы облысында ЕҚЫҰ саммиті мен 7-ші Қысқы Азия ойындарына қатыстырылатын нысандарда жалғасады.
Оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты: ЕҚЫҰ саммиті және Азиада объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аудандарды, орындар мен қозғалыс бағыттарын танып-білу сондай-ақ, саммит пен Азиада нысандарында апатты-құтқару кәсіби қызметтері мен құрылымдарын орналастыру, адамдарды құтқару және оларға медициналық және басқа да қажетті көмек көрсету бойынша іс-қимылдарды пысықтау.