Қыркүйектің 25-інен бастап Өскеменде қоғамдық көлікте жол жүру бағасы қымбаттайды

ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде қыркүйектің 25-інде қоғамдық көлікте жол жүру бағасы 50 теңге болып, билет бағасы 10 теңгеге қымбаттайды.
None
None

Бағыттық таксилерде жол жүру бағасы 55 теңге болады. Бірақ тұрғындардың кейбір топтарына арналған жеңілдіктер сақталады. Бұл туралы бүгін өткізілген брифинг барысында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Андрей Брусенцов айтты.

Ол хабарлағандай, 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін жол ақысы 25 теңге болады. Осындай баға екі бағыттағы маршруттық таксиде егде жасқа келген зейнеткерлер үшін де сақталып, құны 40 теңге болады. Қазіргі күні Өскемен қаласында жолаушылар тасымалдауды 61 бағытта 10 тасымалдаушы жүзеге асыруда, оның ішінде 46 бағытта автобустар, ал 15-інде бағытты таксилер.

Соңғы жаңалықтар