12:53, 24 Тамыз 2010 | GMT +5
Қыркүйектің 6-сында Үкімет мүшелері ағымдағы жылы пайдалануға берілетін индустриялық жобаларды талқылайды
АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қыркүйектің 6-сында Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жобаларды талқылауға арналған Үкіметтің селекторлық кеңесі өтеді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өтіп жатқан Министрлер кабинетінің отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Үкіметтің селекторлық кеңесінде ағымдағы жылғы желтоқсан айында тапсырылатын индустриялық жобалар қаралады. Аталмыш жобаларды іске қосу кезінде Мемлекет басшысы оны өзі қабылдап алатыны белгілі. Сондықтан Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен барлық әкімдер бұған дайындалсын», деді К. Мәсімов.