Қыркүйектің 8-інде өтетін Ұялы байланыс операторлары кеңесінің мәжілісінде тарифтерді төмендету мәселесі талқыланады

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Келесі аптада, қыркүйектің 8-і күні Байланыс және ақпарат министрлігінде ведомство басшысы Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен Ұялы байланыс операторлары кеңесінің мәжілісі өтеді.
None
None

Онда ұялы байланыс қызметінің тарифтері туралы мәселе талқыланады. Бұл туралы байланыс және ақпарат вице-министрі Сәкен Сәрсенов журналистермен болған кездесуде мәлім етті.

«Ұялы байланыс қызметінің тарифтерін төмендету туралы мәселеде ілгерілеушіліктер бар. Сәрсенбі күні байланыс және ақпарат министрінің төрағалығымен Ұялы байланыс операторлары кеңесінің отырысы өтеді, онда біз байланыс операторларының өкілдерімен бірлесіп осы мәселені талқылайтын боламыз», - деді С.Сәрсенов.

Соңғы жаңалықтар