Қырым жағалауынан қазына толы кеме табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырымда Ресей суасты-зерттеу экспедициясының мүшелері «Ростов Дайв» клубының қатысуымен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде суға батқан Boy Federsen (бұрынғы «Харьков») кемесін тапты, деп хабарлайды gazeta.a42.ru .
None
None

Кеме 90 метр тереңдікте жатыр және болжамдардың бірі сәйкес, онда фашистер басып алған Қырымнан құнды заттар тасымалданған.

«Д-4 суасты қайығын іздеу кезінде үлкен кеме табылды. Гидроакустикалық өлшеулерден кейін бұл аумақта жоғалып кеткен "Харьков" (Boy Federsen) кемесімен салыстырды және кемелердің сәйкестігі 95% көрсетті», - деп «Российская газета» экспедиция жетекшісі Роман Дунаевтың сөздерін келтірді.

Айта кетейік, биылғы мамыр айында табылған кемені жан-жақты зерттеу жоспарлануда. 

Соңғы жаңалықтар