«Қыс 2016» республикалық командалық оқу-жаттығу басталды - ТЖК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасында «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбындағы «Қыс 2016» республикалық командалық оқу-жаттығуы басталды. Оқу-жаттығу 2016 жылғы 16-18 қараша аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

«Қыс 2016» республикалық командалық оқу-жаттығу басталды - ТЖК

Оқу-жаттығуды басқару штабы Павлодар қаласында орналасқан. Оқу-жаттығу басшысы ­- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин.

Оқу-жаттығу барысында қысқы кезеңдегі төтенше жағдайда ден қоюға азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының әзірлігі, жұмыс үйлесімділігі, қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі және халықтың әзірлігі мен қабілет деңгейі тексерілетін болады.

«Қыс 2016» оқу-жаттығуы аясында республика бойынша қысқы кезең жағдайында ТЖ-ны жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау және нақты объектілерде зардап шеккен адамдарға көмек көрсету тактикалық-арнайы жаттықтырулар өткізілетін болады.