Қысқы Олимпиада тарихында 9 рет топ жарған ел

Алдағы 2018 жылдың 9-26 ақпан аралығында өтетін төртжылдық додада қай елдің спортшыларының бәсі биік болатынын алдағы уақыт көрсете жатар. Алайда, біз бүгін осыған дейінгі Қысқы Олимпиада ойындарының тарихына көз жүгіртіп, қай ел қанша рет топ жарғанын оқырман назарына ұсынғанды жөн санап отырмыз.
Ең әуелі әр жылдары өткен Ақ Олимпиада ойындарында үздік үштіктен көрінген елдерді тізіп шығып, соңында қай ел ең көп жүлдегер болғанына тоқталайық.
1924
І қысқы Олимпиада ойындары Францияның Шамони қаласында өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған додаға әлемнің 16 елінен 280 спортшы қатысты.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - Норвегия - 4 алтын, 7 күміс, 6 қола (17) медаль
2- орын - Финляндия - 4 алтын, 4 күміс, 3 қола (11) медаль
3- орын - Австрия - 2 алтын, 1 күміс, 0 қола (3) медаль
1928
ІІ қысқы Олимпиада ойындары Швейцарияның Санкт-Мориц қаласында ұйымдастырылды. 25 елден 464 спортшы жарысқа түсті.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - Норвегия - 6 алтын, 4 күміс, 5 қола (15) медаль
2- орын - АҚШ - 2 алтын, 2 күміс, 2 қола (6) медаль
3- Швеция - 2 алтын, 2 күміс, 1 қола (5) медаль
1932
ІІІ қысқы Олимпиада ойындары АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткізілді. 17 елден келген 252 спортшы бақтарын сынады.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - АҚШ - 6 алтын, 4 күміс, 2 қола (12) медаль
2- орын - Норвегия - 3 алтын, 4 күміс, 3 қола (10) медаль
3- орын - Швеция - 2 алтын, 2 күміс, 1 қола (5) медаль
1936
ІV қысқы Олимпиада ойындарын Германияның Гармиш-Партенкирхен қаласы қабылдады. Жүлдеге әлемнің 28 елінен келген 646 спортшы таласты.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - Норвегия - 7 алтын, 5 күміс, 3 қола (15) медаль
2- орын - Германия - 3 алтын, 3 күміс, 0 қола (6) медаль
3- орын - Швеция - 2 алтын, 2 күміс, 3 қола (7) медаль
1948
V қысқы Олимпиада ойындарының алауы Швейцарияның Санкт-Мориц қаласында екінші рет тұтанды. Бұл бәсекеде 28 елден 669 спортшы бақтарын сынады.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - Норвегия - 4 алтын, 3 күміс, 3 қола (10) медаль
2- орын - Швеция - 4 алтын, 3 күміс, 3 қола (10) медаль
3- орын - Швейцария - 3 алтын, 4 күміс, 3 қола (10) медаль
1952
VI қысқы Олимпиада ойындарын Норвегия астанасы Осло қабылдады. 30 елден 694 спортшы сынға түсті.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - Норвегия - 7 алтын, 3 күміс, 6 қола (16) медаль
2- орын - АҚШ - 4 алтын, 6 күміс, 1 қола (11) медаль
3- орын - Финляндия - 3 алтын, 4 күміс, 2 қола (9) медаль
1956
VIІ қысқы Олимпиада ойындарын Италияның Кортина Д'Ампеццо қаласы қабылдады. 32 елден 821 спортшы қатысты.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - КСРО - 7 алтын, 3 күміс, 6 қола (16) медаль
2- орын - Австрия - 4 алтын, 3 күміс, 4 қола (11) медаль
3- орын -Финляндия - 3 алтын, 3 күміс, 1 қола (7) медаль
1960
VIІІ қысқы Олимпиада ойындары АҚШ-тың Скво-Вэли қаласында өтті. 30 елден 665 спортшы жарыс жолына шықты.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - КСРО - 7 алтын, 5 күміс, 9 қола (21) медаль
2- орын - Біріккен германдық команда - 4 алтын, 3 күміс,1 қола (8) медаль
3- орын -АҚШ - 3 алтын, 4 күміс, 3 қола (10) медаль
1964
ІХ қысқы Олимпиада ойындары Австрияның Инсбурк қаласында алауын тұтатты. Байрақты бәсекеге 36 елден 1091 спортшы келді.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - КСРО - 11 алтын, 8 күміс, 6 қола (25) медаль
2- орын - Австрия - 4 алтын, 5 күміс,3 қола (12) медаль
3- орын -Норвегия - 3 алтын, 6 күміс, 6 қола (15) медаль
1968
Х қысқы Олимпиада ойындарын өткізу Францияның Гренобль қаласына бұйырды. 37 елден келген 1158 саңлақ жүлде үшін таласқа түсті.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- Норвегия - 6 алтын, 6 күміс, 2 қола (14) медаль
2- орын - КСРО - 5 алтын, 5 күміс,3 қола (13) медаль
3- орын - Франция - 4 алтын, 3 күміс, 2 қола (9) медаль
1972
ХІ қысқы Олимпиада ойындары Жапонияның Саппоро қаласында өтті. 35 елдің 1006 спортшысы қатысты.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - КСРО - 8 алтын, 5 күміс, 3 қола (16) медаль
2- орын - ГДР - 4 алтын, 3 күміс, 7 қола (14) медаль
3- орын - Швейцария - 4 алтын, 3 күміс, 3 қола (10) медаль
1976
ХІІ қысқы Олимпиада ойындарын Австрияның Инсбурк қаласы қабылдады. 37 елден келген 1123 спортшы жүлдеге таласты.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - КСРО - 13 алтын, 6 күміс, 8 қола (27) медаль
2- орын - ГДР - 7 алтын, 5 күміс, 7 қола (19) медаль
3- орын - АҚШ - 3 алтын, 3 күміс, 4 қола (10) медаль
1980
ХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының алауы АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында тұтанды. 37 елдің үмітін арқалаған 1072 спортшы бәске түсті.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - КСРО - 10 алтын, 6 күміс, 6 қола (22) медаль
2- орын - ГДР - 9 алтын, 7 күміс, 7 қола (23) медаль
3- орын - АҚШ - 6 алтын, 4 күміс, 2 қола (12) медаль
1984
XIV қысқы Олимпиада ойындарын бұрынғы Югославия мемлекетінің Сараево қаласы қабылдады. 49 елден 1272 спортшы қатысты.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - ГДР - 9 алтын, 9 күміс, 6 қола (24) медаль
2- орын - КСРО - 6 алтын, 10 күміс, 9 қола (25) медаль
3- орын - АҚШ - 4 алтын, 4 күміс, 4 қола (8) медаль
1988
XV қысқы Олимпиада ойындары Канаданың Калгари қаласында өтті. Әлемнің 57 елінен 1423 спортшы сынға түсті.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - КСРО - 11 алтын, 9 күміс, 9 қола (29) медаль
2- орын - ГДР - 9 алтын, 10 күміс, 6 қола (25) медаль
3- орын - Швейцария - 5 алтын, 5 күміс, 5 қола (15) медаль
1992
XVІ қысқы Олимпиада ойындары Францияның Альбервиль қаласында ұйымдастырылды. 64 елден 1801 спортшы келді.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - Германия - 10 алтын, 10 күміс, 6 қола (26) медаль
2- орын - Біріккен команда (EUN - бұрынғы КСРО елдері) - 9 алтын, 6 күміс, 8 қола (23) медаль
3- орын -Норвегия - 9 алтын, 6 күміс, 5 қола (20) медаль
1994
XVІІ қысқы Олимпиада ойындарын Норвегияның Лиллехамер қаласы қабылдады. Әлемнің 69 елінен 1739 спортшы келді. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы тұңғыш рет қатысты. Атақты шаңғышы Владимир Смирнов 1 алтын, 2 күміс жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 12 орынға орналасты.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - Ресей - 11 алтын, 8 күміс, 4 қола (23) медаль
2- орын - Норвегия - 10 алтын, 11 күміс, 5 қола (26) медаль
3- орын - Германия - 9 алтын, 7 күміс, 8 қола (24) медаль
12-орын - Қазақстан - 1 алтын, 2 күміс, 0 қола (3) медаль
1998
XVІІІ қысқы Олимпиада ойындарының алауы Жапонияның Нагано қаласында тұтанды. 72 елден 2302 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасынан шаңғышы Владимир Смирнов пен конькимен жүгіруші Людмила Прокашева қола медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте Беларусь Республикасымен 20-21 орындарды бөлісті.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - Германия - 12 алтын, 9 күміс, 8 қола (29) медаль
2- орын - Норвегия - 10 алтын, 10 күміс, 5 қола (25) медаль
3- орын - Ресей - 9 алтын, 6 күміс, 3 қола (18) медаль
21-орын - Қазақстан - 0 алтын, 0 күміс, 2 қола (2) медаль
2002
XІХ қысқы Олимпиада ойындары АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтті. 77 елден 2390 спортшы келді. Қазақстандық спортшылар бұл Олимпиадада жүлде ала алмады.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - Норвегия - 13 алтын, 5 күміс, 7 қола (25) медаль
2- орын - Германия - 12 алтын, 16 күміс, 8 қола (36) медаль
3- орын - АҚШ - 10 алтын, 13 күміс, 11 қола (34) медаль
2006
XХ қысқы Олимпиада ойындары Италияның Турин қаласында жалауын желбіретті. Жарыс жолына әлемнің 80 елінен келген 2508 спортшы жарыс жолына шықты. Бұл жолы да қазақстандық спортшыларға жүлде бұйырмады.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - Германия - 11 алтын, 12 күміс, 6 қола (29) медаль
2- орын - АҚШ - 9 алтын, 9 күміс, 7 қола (25) медаль
3- орын - Австрия - 9 алтын, 7 күміс, 7 қола (23) медаль
2010
ХХІ қысқы Олимпиада ойындарын Канаданың Ванкувер қаласы қабылдады. 82 елден 2766 спортшы сынға түсті. Қазақстандық биатлоншы Елена Хрусталева жекелей сында күміс медальді жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан мен Эстония елдері 25-26 орынды өзара бөлісті.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - Канада - 14 алтын, 7 күміс, 5 қола (26) медаль
2- орын - Германия - 10 алтын, 13 күміс, 7 қола (30) медаль
3- орын - АҚШ - 9 алтын, 15 күміс, 13 қола (37) медаль
25-орын - Қазақстан - 0 алтын, 1 күміс, 0 қола (1) медаль
2014
ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарын Ресейдің Сочи қаласы қабылдады. Байрақты бәсекеге әлемнің 90 елінен 2800 спортшы қатысты. Қазақстан намысын бұл додада 52 спортшы қорғады. Сочиде мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жекелей бәсекеде Денис Тен қос бағдарламада 255,1 ұпай жинап, Қазақстан қоржынына қола жүлдені салды. Осылайша 2014 жылы Қазақстан жалпыкомандалық есепте 26-орынды иеленді.
Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінген мемлекеттер:
1- орын - Ресей - 13 алтын, 11 күміс, 9 қола (33) медаль
2- орын - Норвегия - 11 алтын, 5 күміс, 10 қола (26) медаль
3- орын - Канада - 10 алтын, 10 күміс, 5 қола (25) медаль
26-орын - Қазақстан - 0 алтын, 0 күміс, 1 қола (1) медаль
Міне, осылайша Ресей Кеңес одағы кезін қоса есептегенде 1956, 1960, 1964, 1972, 1976, 1980, 1988, 1994 және 2014 жылдары жалпыесепте 9 рет топ жарды. Одан кейінгі орында Норвегия спортшылары тұр. Олар Қысқы Олимпиада ойындарында 1924, 1928, 1936, 1948, 1952, 1968 және 2002 жылдары 7 рет топ бастады. Ал Германия құрамасы 1992, 1998 және 2006 жылдары 3 рет жалпы есепте бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, АҚШ 1932 жылы, ГДР 1984 жылы, Канада 2010 жылы бір-бір реттен көшбасшылық тізгінді ұстады.
Енді алдағы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарында қай елдің бәсі биік болатынын уақыт көрсете жатар. Біз қазақ елінің спортшыларына тек сәттілік жолдас болсын деп тілейміз...