Қысқы Паралимпиада-2022: Ел құрамасынан 8 наурызда кімдер сынға түседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында 2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарында 8 наурызда қазақстандық 3 спортшы ел намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8 наурызда ел құрамасынан Сергей Усольцев, Ербол Хамитов пен Александр Герлиц жарыс жолына шығады.

Қазақстандық спортшылардың ойын кестесі төмендегіше:

08:00 - Сергей Усольцев, Ербол Хамитов - 10 шақырым. Отырып сырғанау

10:00 - Александр Герлиц - 10 шақырым. Тұрып сырғанау

Айтулы аламанда Қазақстан атынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлерінен ел намысын қорғайды.

Спортшылар спорттың шаңғы жарысынан, биатлоннан, тау шаңғысы спортынан, следж-хоккейден, арбадағы керлингтен және сноуборд секілді спорттың алты түрінен 78 жүлдені сарапқа салады.

Қысқы Паралимпиада ойындарында қазірге дейін ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс медаль түсті. 1994 жылы 10 шақырымға классикалық мәнердегі шаңғы жарысында қазақстандық Любовь Воробьева күміс алса, 2018 жылы шаңғымен жарыста Александр Колядин 1,5 шақырымға классикалық мәнерде спринт жарысында чемпион атанды.

Қысқы Паралимпиада ойындары 13 наурызға дейін болады.


Соңғы жаңалықтар