Қысқы сауық орындарына өңір басшысы оң бағасын берді - ШҚО

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов және Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов Өскемен қаласындағы сауық орындарына арналған орындарды көріп, оң бағасын берді, деп хабарлайды 1720.kz.

Бірінші кезекте Комсомол аралында орналасқан қысқы сауық орнын тамашалаған облыс және қала басшылары бірқатар нысандарды аралады. Соның ішінде демалушы тұрғындарға арналған шаңғы тебу орны, сырғанақпен және жуықта ғана ашылған ұзындығы 1,5 км болатын шаңғы жолын көрді. «Бүгінгі күні шаңғы жолына тегіс әрі сапалы жол салынып, қатырылуда. Кез келген адам осы жолдар арқылы шаңғы теуіп өте алады. Жол сапалы, көктемгі мезгілге дейін шыдайды», - деді Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев. Өскемен қаласы әкімдігі сауық орнында тұрғындарға арнап толықтай жағдай жасаған. Соның ішінде жеке кәсіпкерлерді жұмылдыру арқылы ас ішу, жылыну орындарын ашып, келушілерді тартқан. Даниал Ахметов Өскемен қаласы әкімдігіне ризашылығын білдірді. - Өскемен қаласының басшылығы осы уақытқа дейін Мәскеуге, Франция елдеріне барып келді. Мұның барлығы қаланың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталып отыр. Олардың атқарар жұмыстары әлі де ауқымды. Алдағы уақытта Австрия елдерімен бірлесе отырып, қаламызға маңызы зор жұмыстар жүргізуді жоспарлаудамыз. Жалпы бүгінгі күні Өскеменнің көркі әлем елдерінің өзге қалаларынан кем түспейді», - деді облыс басшысы.

Соңғы жаңалықтар
telegram