Қысқы универсиада: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде қай орында тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан 2023 жылғы Қысқы Универсиадада алғашқы алтын жүлдесінен кейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде қай орынға жайғасқаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қысқы универсиада: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде қай орында тұр

Айта кетсек, 14 қаңтарда қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиды.

Аталған жүлдеден кейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде алтыншы орынға жайғасты.

Әзірге жүлдеге іліккен 10 құрама бар.

Көш басында Жапония 5 (3-1-1) медальмен келе жатса, одан кейінгі орындардағы Францияның 4 (1-1-2), Чехияның 2 (1-1-0) медалі бар.

2023 жылғы Қысқы Универсиаданың медальдар кестесі:

2. Франция 1-1-2

3. Чехия 1-1-0

4. Германия 1-0-1

5. Швейцария 1-0-1

6. Қазақстан 1-0-0

7. Норвегия 0-2-1

8. АҚШ 0-2-0

9. Италия 0-1-0

10. Финляндия 0-0-1

11. Испания 0-0-1

Еске салсақ, дүбірлі додада еліміздің атынан 78 спортшы бақ сынайды.

Қысқы Универсиада 22 қаңтар күні мәресіне жетеді.