Қысқы Универсиада нысандары ойындардан кейін тұрғындарға қол жетімді болады - Н. Нұров

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда қысқы Универсиадаға арналған Атлетикалық ауылдың алдында орналасқан пирамида ғимаратында ойындардан кейін Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады. Бұл туралы бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбектің Универсиада нысандарын аралауы барысында қалалық спорт басқармасының басшысы Наиль Нұров мәлімдеді.

Сондай-ақ, бұл ғимаратта салтанат залы және музыкалық аспаптар музейі орналасатын болады. 

«12 мың орындық Мұз сарайында әр түрлі деңгейде спорттық және мәдени шаралар өткізіліп тұрады. Өйткені, бұл - әмбебап кешен. Олардан басқа, онда мини-футболдан, баскетболдан және волейболдан ұлттық құрама командалар оқу-жаттығу жиындарын өтізеді. Медеу ауданында орналасқан Мұз аренасы да осындай мақсаттарға пайдаланылады», - деді Н. Нұров.

Оның айтуынша, Атлетикалық ауылда олимпиадалық дайындық Орталығы және қаланың басқа да спорт ұйымдары орналасатын болады.
«Атлетикалық ауылда жеңіл атлетикалық жүгіру жолдары бар футбол стадионын салу жоспарланған. Елбасының тапсырмасы бойынша Универсиаданың барлық нысандары ойындар аяқталған соң, халыққа қол жетімді болады», - деді спорт басқармасының басшысы.
Айта кетелік, Универсиада нысандары үстіміздегі жылы тамыз айының соңында пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 70 пайыздан астамы орындалған.

Соңғы жаңалықтар