Қысқы Универсиада: шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдегер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 28-інші қысқы Универсиаданың шорт-трек бағдарламасы бойынша әйелдер арасында 3 мың метрлік қашықтықта эстафета жарысы мәреге жетті,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Қазақстандықтар ең соңғы сәттерде жапониялықтарды басып озып, қола жүлдені жеңіп алды. Оңтүстік Корея спортшылары кезекті алтынына қол жеткізсе, қытайлықтар күміс жүлдені еншіледі.

Қазақстан құрамасы сапында Ким Йонг А, Анастасия Крестова, Анита Нагай және Мәдина Жанбосынова өнер көрсетті.

Бұл - қазақстандық шорт-трекші қыздардың универсиададағы тұңғыш медалі.

Айта кетейік, қазіргі кезде ерлер арасындағы эстафеталық жарыс өтуде.

Соңғы жаңалықтар