Қысқы жастар ойындарында шорт-тректен батысқазақстандықтар үздік өнер көрсетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Астана қаласында ІІ қысқы жастар ойындарында шорт-тректен БҚО құрамасы үздік өнер көрсетті.
None
None

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа Астана, Алматы қалалары, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының спортшылары қатысты.

Шорттрекшілер аға және орта жас ерекшеліктеріне қарай сынға түсті. БҚО-дан барлығы 12 спортшы айдынға шықты. Аға жастағылардан Әділ Ғалиахметов 1500, 500,1000 және 1500 (суперфинал) метр қашықтықта чемпион атанса, қыздардан Анита Нагай осы қашықтықтарда ешкімге дес бермеді.

Александра Суменкова, Нұржанар Жұмағалиева, орта жастағылардан Ғалия Жұмағазиева, Юна Пархоменко жүлделі орындарға ілікті. Сонымен қатар Әділ Ғалиахметов, Айбек Қадыров, Тайман Меңдіхан (аға жас), Анита Нагай, Александра Суменкова, Нұржанар Жұмағалиева (аға жас), Ғалия Жұмағазиева, Юна Пархоменко, Назерке Ғаббасова (орта жас) эстафеталық жарыстарда да чемпиондық атақты жеңіп алды.

Жалпыкомандалық есепте БҚО құрамасы 734 ұпаймен үздік атанса, қостанайлықтар (680 ұпай) - екінші, Алматы қаласы (569 ұпай) үшінші орынды еншіледі.

Батысқазақстандық шорттрекшілерді М.Лозовой, Д.Қайыров, Е.Портновтар баптады.

Соңғы жаңалықтар