Қыста жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстары жиі жүргізілді - Р. Иманқұлов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыстағы қолайсыз ауа райы кезінде 118 адам құтқарылды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.
«Қыста қолайсыз ауа райында жолға шығып, адасып, жоғалып кететін адамдарды іздестіру жұмыстары да жиі жүргізілгенін айтып өткім келеді. Көп жағдайда бақташылар іздестіріледі. Бұл туралы айтқан кезде 312 рет дауыл болатыны алдын ала ескертілгенін еске алмасқа болмайды. Алайда, адамдар осы ескертулерді елемейді және жоғалу фактілері орын алды»,-деді ресми өкіл.
Оның атап өтуінше, қыс кезеңінде жалпы ТЖК қызметтеріне іздестіру жұмыстарын жүргізу туралы 131 өтініш келіп түскен. Жедел іс-қимылдардың нәтижесінде қыстағы қолайсыз ауа райы кезінде 118 адам құтқарылған екен.