Қытай Ақтөбеде қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай Ақтөбедегі лаңкестік акт құрбандарының жақындарына көңіл айтып, Қазақстанды терроризммен күрес жолында қолдайды. Бұл туралы бүгін брифингте ҚХР СІМ ресми Хун Лэй (Hong Lei) мәлім етті.

 Қытай Ақтөбеде қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

«Қытай Ақтөбедегі қарулы қақтығыста қаза тапқандардың жанұяларына, сонымен қатар жарақаттанғандарға көңіл айтты. Қытай терроризмге қарсы, сонымен қатар ол терроризммен күрес жолында және ел ішіндегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде Қазақстанның үкіметін қолдайды. Біз терроризммен күрес және өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауда Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниеттіміз», - деді ол.