13:34, 28 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Қытай Астанада Сирияға қатысты келіссөз жүргізуді қолдайды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай Астанада Сирияға қатысты кездесу өткізуді қолдайды. Бұл туралы брифингте ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин айтты, деп хабарлады Қытайда «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қытай бейбіт келіссөздердің жылдам жаңаруына алып келетін барлық күштерді қолдайды. Біз Сирияда барлық тараптар түйісу орнын кеңейтіп, елдің, адамдардың мүддесін ескеру үшін тәсілдердегі айырманы азайтып, диалог пен консультация арқылы саяси келісімге қол жеткіземіз деп үміттенеміз», - деді Қытай Астанада Сирия бойынша Ресей, Түркия, Иранның қатысуымен өтетін келіссөз раундынан не күтеді деген сұраққа жауап берген Хуа Чуньин.
Оның айтуынша, Қытай бейбіт саяси келіссөздер - сириялық мәселені шешудің жалғыз практикалық жолы деп санайды. Бұл ретте Сириядағы барлық тиісті тараптар жалпыұлттық соғысты тоқтату жағына жұмыс істеуі тиіс. Бұл проблеманы саяси тұрғыда шешудің кепілі болып табылады.