Қытай астанасының тұрғындары жаппай азық-түлік алып жатыр
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасының тұрғындары ірі мегаполисте коронавирустың өршуіне байланысты азық-түлік қорын жинауға тырысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бейжің билігінің мегаполисте азық-түлік қоры жеткілікті деген мәлімдемесіне қарамастан Қытай астанасындағы кейбір базарлар мен бірқатар көтерме дүкендерде азық-түлік сатып алуда қарбалас байқалуда. 22 сәуірден бері Бейжіңде COVID-19 инфекциясының 47 жергілікті жағдайы анықталды.

Елордалық Чаоян іскерлік ауданының тұрғындарына үш кезеңдік жаппай тестілеуден өтуге бұйрық берілді.
Ресми статистикаға сәйкес, соңғы тәулікте материктік Қытайда коронавирус инфекциясының 20,1 мың жергілікті жағдайы тіркелді.

Өз кезегінде, бірнеше апта бойы елдегі ең жоғары ресми ауру көрсеткіші тіркелген Шанхайда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясының 19,4 мыңнан астам жергілікті жағдайы анықталған.
