Қытай атом энергетикасын дамытуға арналған жоспарын жарияламақ

АЛМАТЫ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытай елі атом энергетикасы саласын дамытуға арналған жоспарын жарияламақ.
None
None
Бұл жайлы бүгін «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның президенті Мұхтар Жәкішевтің Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Энергетикаға деген сұраныс өскен сайын әлемнің көптеген елдері атом электр стансасын салу туралы ниеттерін жария етуде. Олардың ішінде аса ауқымды жобалар Қытай, Үндістан, АҚШ және Ресейде жасалуда. Мұхтар Еркінұлының пайымдауынша, болашақ атом энергетикасы саласында Қытай ең үлкен нарық болмақ. Онда биыл екінші тоқсанда атом электр стансасын салуға қатысты елдің ресми жоспары жарияланбақ. Олар бұған дейін 2020 жылға дейін жыл сайын қуаты 1000 МВт болатын 2 ? 3 реакторды іске қосу туралы ниеттерін білдірген болатын. Үндістан да 2020 жылға дейін 24 АЭС салуға ынталанып отыр. Мамандардың пайымдауынша, жалпы әлемдегі атом электр стансалары құрылысының нарығы 1,5 триллион доллар шамасында. АЭС салуға жұмсалатын қаражаттың 50 пайызын - құрылыс, 30 пайызын құрал-жабдықтар, 15 пайызын - инжиниринг, ал 5 пайызын өзге шығындар құрайды.
Соңғы жаңалықтар