Қытай аумағында 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 19:00-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытай аумағында 5 балдық жер сілкінісі тіркелді
Фото: earninginmotion.com

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 523 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.9. Магнитудасы – MPV 5.0. Эпицентр координаттары – 44,14°. Тереңдігі – 20 км. Сезімталдық туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.