Қытай аумағында жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 22 сағат 14 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытай аумағында жер сілкінді
Photo: ekonomigundemi.com.tr

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 809 км жерде Қытай аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. MPV магнитудасы 4.9. Эпицентрдің координаттары 36.29° с. е. 79.88° ш. б. Тереңдігі – 5 шақырым», - делінген хабарламада.