Қытай азаматы «Эйр Астана» ұшағында ер адамнан 280 мың теңге ұрлап алған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында Қытай азаматы Рау Джонг Чжау Алматы қаласының әуежайында жолаушының сөмкесінен 280 000 теңге ұрлағаны үшін айыпталып, қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.
None
None

Ағымдығы жылдың қазан айында Алматы қаласының «Эйр Астана» әуе компаниясының «Боинг-757» ұшағының жолаушысы ұйықтап жатқан кезін пайдалана отырып 280 000 теңге ұрлап алған.

Ұшақ жерге қонған соң Алматы қаласының әуежайында ішкі істер қызметкерлері шетелдің азаматын ұстаған.

Сот үкімі бойынша Рау Джонг Чжау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабы 1 бөлігіне (ұрлық) сәйкес қылмыстық іс жасағаны үшін тоғыз ай бас бостандығынан айырылып, ол жазасын жалпы режімде өтейтін болды. Сонымен қатар сотталушының мүлкі тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар