«Қытай – Еуропа» теміржол бағыттары «Достық – Алашаңқай» өткелі арқылы өтетін болады
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – ҚХР «Қытай – Еуропа» бағыты бойынша теміржол жүк тасымалы көлемін арттырып жатыр. Бұл туралы Қытай теміржол компаниясының (China State Railway Group) хабарламасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
ҚХР-да теміржол көлігін дамытудың жаңа стратегиясы осы демалыс күндерінен басталады. China State Railway Group мәлімдемесіне сәйкес, жаңа стратегия бірнеше теміржол желілерінің жұмысын оңтайландыруға және «Қытай – Еуропа» хабарламасына халықаралық жүк пойыздарын қосуға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, ҚХР-дың ірі көлік-логистикалық базаларынан (Сычуань және Гуйчжоу провинциялары, Чунцин мегаполисі, Оңтүстік-Батыс Қытай) «Достық-Алашаңқай» халықаралық өткелі бағытында жаңа жүк бағыттары енгізілуде.
«Қытай – Еуропа» жүк пойыздарының жаңа желілері нарықтың сенімін арттырады және бүкіл ел бойынша теміржолдарды кеңінен қамту арқылы клиенттерге тауарларды жеткізуге кеңірек мүмкіндік береді», - деді Шанхай логистикалық компаниясының басшысы Томми Тана.
Қытай көлік-логистикалық компаниялары өкілдерінің айтуынша, 2022 жылдың бірінші тоқсанында «Қытай – Еуропа» халықаралық теміржол маршруттары бойынша (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға өскен) 3,6 мыңнан астам жүк пойызы және жиырма футтық эквивалентте (+9%) 350 мың контейнер жөнелтілген.
Қытайлық сарапшылар мұны Еуропадан тапсырыс саны көбейген деп түсіндіруде. Тауарлардың негізгі санаттарына автомобиль бөлшектері, электронды өнімдер және трансшекаралық электрондық коммерция платформаларында сатылатын тауарлар кіреді.
«Достық – Алашаңқай» халықаралық өткелі - Еуропа мен Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытудағы маңызды өткел.
Осыған дейін Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүктің бір бөлігі теміржолға ауыстырылатынын хабарлаған болатынбыз.
Тимур Сүлейменов