Қытай халқының саны 850 мың адамға азайды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Өткен жылы Қытай халқының саны 1,411 миллиард адамға дейін қысқарды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 850 мың адамға аз. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік статистика басқармасының директоры Кан И мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытай халқының саны 850 мың адамға азайды

Оның айтуынша, 2022 жылдың соңына қарай елдегі халық саны 1 411 750 000 адамды құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 850 мыңға азайған. Ерлер саны - 722,06 млн, әйелдер - 689,69 млн, 16 мен 59 жас аралығындағы еңбекке жарамды адамдар саны - 875,56 млн, 60 жастан асқан азаматтар – 280,04 млн.

Қала тұрғындарының саны 920,71 миллион болса, ауылдық жерлерде тұратындар 7,31 миллионға азайып, 491,04 миллион болды.


Фото: Shutterstock