Қытай Камбоджа мен Таиланды жағдайды ушықтырмауға шақырды
жанжалды консультация жолымен шешу үшін екі елдің сабырлық сақтайтындығында үміт білдірді. Камбоджа мен Таиланд - Қытаймен достас көрші елдер.
Бұл туралы 7 ақпанда Бейжіңде өткен баспасөз мәслихатында елдің сыртқы саясат ведомствосының ресми өкілі Хун Лэй мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, 4 ақпаннан бері камбоджа және таиланд әскерлерінің арасында бірнеше қарулы қақтығыс орын алды. Оған екі елдің шекарасында орналасқан Преах Вихеар храмының төңірегіндегі талас себеп болып отыр. Камбожда тарапының айтуынша, қанды қырғынды техниканың көмегімен қоршауды бұзып, Камбожда аумағына басып кірген тай әскерилері арандатқан. Содан кейін Камбоджа армиясы оқ ашуға мәжбүр болған.
2008 жылы ЮНЕСКО Преах Вихеар храмын камбоджалық нысан ретінде Мәдени мұралардың әлемдік тізіміне енгізу туралы Пномпеннің өтінішін қанағаттандырған болады. Аталмыш храмға таласы бар Бангкок бұл шешімге келіспейтінін мәлім еткен еді.