Қытай Қазақстанның лаңкестікке қарсы күреске бағытталған күш-жігерін қолдайды - ҚХР СІМ

БЕЙЖІҢ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытай тарапы Қазақстанның лаңкестікке қарсы күрес, ұлттық қауіпсіздік пен қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі күш-жігерін қолдайды,
None
None

делінген ҚХР Сыртқы істер министрлігінің бүгінгі мәлімдемесінде.

Біз лаңкестіктің кез келген көрінісіне қарсылық білдіреміз, қаза тапқандардың отбасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Біз Қазақстан тарапымен екіжақты форматтағыдай, ШЫҰ аясында да аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «зұлымдықтың үш күшімен» бірлескен күрес жүргізудегі ынтымақтастықты нығайуға мүдделіміз.

Еске сала кетейік, 12 қараша күні Тараз қаласында жеті адам, соның ішінде 5 полиция қызметкері мен екі азамат қаза тапты. Сонымен қатар ішкі істер органдарының үш қызметкері жараланды.

Соңғы жаңалықтар