Қытай кедей елдердің қарызын кешіретін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде көлемі 2 млрд. долларды құрайтын дамушы елдерге көмек көрсетуге арналған қор құрып, сондай-ақ оларға салынатын тікелей инвестицияларды айтарлықтай өсіруге уәде етті.
None
None

Оның айтуынша, бұл инвестициялардың көлемі жақын 15 жылда 12 млрд. долларға жетуі мүмкін. БҰҰ-ның даму мақсаттарын іске асыру саммитінде сөз сөйлеген ҚХР-дың басшысы біреудің мүддесінен гөрі әділдікті жоғары орынға қоятынын айтты.

Қытай көшбасшысы бірқатар ең кедей шағын аралдық мемлекеттердің қарыздарын кешіретінін айтып, уәде берді, алайда қандай мемлекеттер туралы айтылып отырғанын айтқан жоқ және қарыздың қандай көлемі жойылатынын атаған жоқ, деп жазады Би-би-си.

Соңғы жаңалықтар
Референдум