Қытай коронавируспен күресте халықаралық ынтымақтастыққа үлкен мән береді – ШЫҰ бас хатшысы

В.Норов Қытай басшылығымен құрылған алдын алуға және бақылауға бағытталған жалпыұлттық жүйе жақын арада коронавирус індетін жеңіп шығатынын атап өтті.
«Қытай халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде сөз бен іс жүзінде өз аумағында жүргендердің барлығына бірдей көзқарас танытады және қытайлықтардың да, шетелдік азаматтардың да денсаулығы мен қауіпсіздігін тиімді қорғауды жалғастыруда», — деді ол.
Бас хатшының айтуынша, ШЫҰ елдері індетке қарсы іс-қимылда Қытайға көмек көрсетуге, жалпы қауіптің алдын алу үшін салалық министрліктер мен ведомстволардың жұмысын үйлестіруді күшейтуге дайын.
«ҚХР-дың халықаралық қоғамдастықтың белсенді ынтымақтастығы кезіндегі үйлестірілген іс-қимылының арқасында індеттің таралуы тоқтатылатын болады деген сенімдемін», - деп атап өтті В.Норов.