Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян барша қазақстандықтарды алда келе жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығымен құттықтады.
None
None

«Бүгінгі кездесуге қуаныштымын. Өйткені мен сіздердің елдеріңізге алғаш рет келіп отырмын. Оның үстіне бұл сапарым сіздердің елдеріңіздің Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңына дөп келіп отыр», - деді ол ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін ұйымдастырылған брифингте.

Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара қарым-қатынастар оң қарқынмен даму үстінде екендігін баса айтқан ол барша қазақстандықтарды алдағы ұлық мерекелерімен де құттықтады.

«Қытай Үкіметінің және біздің халқымыздың атынан Қазақстан Үкімет мен халқын осынау маңызды әрі тамаша мейраммен шын жүректен құттықтаймын», - деді Л.Кэцян.

Соңғы жаңалықтар