Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге партияаралық байланыстар елеулі үлес қосуда - ҚКП ОК халықаралық бөлім департаментінің директоры

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның кездесулері екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға жәрдемдесуде. Бұл туралы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған «дөңгелек үстел» барысында ҚКП ОК Халықаралық бөлімінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаментінің директоры Цянь Найчэн мәлім етті.
Цянь Найчэннің айтуынша, екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге партияаралық байланыстар елеулі үлес қосып келеді. Екі елдің жетекші партияларын сондай-ақ сындарлы өзара іс-қимылдың бай тәжірибесі де бйланыстыруда. «Партиялар бірнеше жылдан бері көптеген бағыттарда жұмыс жасап келеді. Бірлескен жобалар, нақты уағдаластықтар бар», - деді ол.
Мамыр айында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Қытайда жұмыс сапарында болды. «Сапар қорытындысымен «Нұр Отан» партиясы мен ҚПК арасында ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қоылды. Бұл маңызды құжат әртүрлі бағытта партияаралық ынтымақтастықты көздейді. Және ол одан әрі жұмысымызға жаңа серпін береді», - деп атап көрсетті Цян Найчэн.