Қытай мен Қазақстан қатынасы халықтар достығына негізделген - ҚХР Алматыдағы бас консулы Чжан Вэй

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық - қос елдің де сыртқы саясатындағы басты бағыттың бірі. Экономикалық интеграциялану және ақпараттық даму заманында көршіміз Қазақстанмен достықта не қалайды? Екіжақты қарым-қатынастың қос тарапқа тигізер пайдасы туралы ҚХР Алматыдағы бас консулы Чжан Вэй айтып берді.

- Чжан Вэй мырза, сіз басқарып отырған бас консулдық екі ел арасындағы ынтымақтастықтың бастауы екені рас. Осы орайда өткен жылы екіжақты серіктестіктің дамуы қалай болды? Соны айтып өтсеңіз.

Шынымен де, Қытайдың Қазақстандағы бас консулдығы орналасқан Алматы облысы ежелден бергі келе жатқан Ұлы Жібек жолының алғашқы аялдамасы. Бұл екі ел үшін өте маңызды. Мұнда қазір Қытайдың 100-ден аса компаниясы жемісті жұмыс істеп жатыр. 2015 жылы Азия газ құбыры компаниясы А, В, С желілері бойынша 31,5 млрд текше метр көгілдір отын тасымалдады. «Қазақстан-Қытай газ құбыры» 10,8 млн тонна шикі мұнай жеткізсе, «Синогидро» компаниясы «Батыс Еуропа Батыс Қытайдың» 5-ші учаскесін аяқтады. Лянюнганнан Алматыға темір жолы арқылы тікелей жүк тасымалы жолға қойылды. Жылына 1 млн тонна цемент шығаратын Шымкент цемент зауыты жаңғыртылды. Бұл жобалар екі елдің арасындағы байланысты нығайтумен қатар бюджетке түсімді ұлғайтып, жұмыс орындарын ашуға септігін тигізді.

Қазіргі құбылмалы экономикалық жағдай ахуалындағы Қазақстан-Қытай арасындағы тауар айналымы төмендегені белгілі. Бұл мәселеге сіздің көзқарасыңыз

Расында экономикалық байланыстың бәсеңдеуі Қазақ-Қытай сауда қатынасына да салқынын тигізді. Бірақ осы орайда атап өту керек, сауда-экономикалық, инвестициялық серіктестіктің құрылымы жаңартылып, көп тұрғыдан оңтайландырылды. Сапасы да арта түсті. Индустриаландыру және инвестиция бойынша серіктестік аясында құны 24 млрд АҚШ доллары болатын 50 жоба енді. Жақында Қазақстан-Қытай ықпалдастығы қоры құрылды. 2 млрд АҚШ доллары көлемінде квотасы бар бұл қор Қытайдың инвестиция мен индустриаландыру саласындағы сыртқы байланысты арттыруға бағытталған тұңғыш қоры болды. Экономикалық серіктестік аясында Ұлы жібек жолы экономикалық белдеуінде Қазақстан мен Қытайдың экономикалық мүдделері тоғысты. Бұл мәселелер Қазақстан көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» стратегиясынан көрініс тапты. Аймақтың бас консулы ретінде айтарым, екі жақты байланыс Алматы облысынан басталады. Шығыс Қазақстан облысы да Қытайдың Шыңжаң округымен тығыз байланыс орнатуда. Мәселен қазір Қорғас халықаралық шекара орталығында екі жақты құрылыс жүріп жатыр. Қытай кәсіпорындары Қазақстандағы кейбір жекешелендіру жобаларына қызығушылық танытып отыр. 16 қаңтарда Қытай бастамасымен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі құрылды. Оған 57 ел соның ішінде Қазақстан кірді. Бұл ауылды жерлердегі инфрақұрылым, қала құрылысы, энергетика, көлік бойынша инвестиция тартумен айналысатын Азиядағы тұңғыш қаржылық мекеме. Бүкіләлемдік банк, Азия даму банкі оған бәсекелес емес, бірін бірі толықтырып отырмақ. Азия инвестициялар банкі Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларға ұзақ мерзімді тұрақты несие тартуға септігін тигізбек.

- Қытай үшін ықпалдастықтың қай саласы маңызды?

Бірінші кезекте ауылшаруашылығы мен туризм саласы қызықтырады. Қытай үшін сапалы азық-түлік мәселесі өте өзекті, өздеріңіз білесіздер. Қазақстан табиғи ресурстар тау, су, өзен-көл, жер күн ресурстары бар..... Екі ел арасында 5 шекара пункты бар. Олар арқылы қазір Еуропа мен Азиядан ауылшаруашылығы өнімдерін тасымалдау жолға қойылып жатыр. Қазір Шэньси, Алматы, Жамбыл облысының серіктестігі аясында демонстрациялық ауылшаруашылығы ғылыми техникасы паркі салынып жатыр. Салынған капитал көлемі 1,5 млрд АҚШ доллары. Шэньси провинциясындағы «Aiju» коропорациясы «Чанъань» контейнерлік пойызында Қазақстанның бидай және майлы дақылдар, май өнімін тасымалдауды жолға қоюда. Мен 1 жыл бойғы қызметім барысында Қазақстанның көп аймағында болдым. Бұл елдің табиғаты өте сұлу. Көркем. «Астана ЭКСПО-2017», қысқы Универсиада, Қазақстандағы Қытай туризмінің жылы туризмнің дамуына алғышарт болуда. Біз де Қазақстан халқын өз елімізде көргіміз келеді. Жақында екі ел арасында қол қойылған топтық туристік виза туралы келісім тезірек өз күшіне енуін қалаймын. Қазақстан шекаралық аудандарда қытайлықтарға көпкүндік визасыз кіруін қамтамасыз етеді деп үміттенемін.

- Екі елдің ғылым саласындағы байланысы қалай дамуда?

Өткен жылдың соңында Синцзянь географиялық ғылыми-херттеу институты мен Қазақ топырақ ғылыми-зерттеу институты Алматыда Орталық Азия экологиялық ахуалын зерттеу ғылыми институтын құрды. Аталған институт Тян-шань тауындағы жер сілкінісі эпицентрін зерттеумен айналыспақ. Сондай-ақ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті мен Синцзянь балық шаруашылығы институты бірігіп салған аквабаза жұмыс істеп тұр.

- Мәдени саладағы байланыс жайлы не айтар едіңіз?

Жақында көңілді көктем театрландырылған мерекесі өтті. Сиань Синхайдың 110 жылдығына арналған мерекелік концерт, «Ұлы Жібек жолы бойымен» халықаралық симпозиумы, Қазақстандағы қытай кинематографы апталығы, керуен турлары, Қытай халық ансамблінің өнері, Қытай кухнясының фестивалі өтті. Осындай байланыстар қазіргі макроэкономикалық ахуал жағдайында одан әрі нығая түсеріне сенімдімін.

- Әңгімеңізге рахмет.

Соңғы жаңалықтар