09:00, 02 Ақпан 2023 | GMT +5
Қытай мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 2 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 08:08 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым қашықтықта, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.
Энергетикалық класы – 11.4.
MPV магнитудасы – 5.1.
Эпицентр координаттары – 41.04° с.е. 78.62° ш.б.
Тереңдігі – 10 шақырым.
Сезілгені жайлы ақпарат жоқ.
Фото: earninginmotion.com