«Қытай - Орталық Азия» форумында Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығына ерекше мән берілді

БЕЙЖІҢ-ЛЯНЬЮНЬГАН. ҚазАқпарат -  Қытай Халық Республикасы Цзянсу провинциясының Ляньюньган қаласында бесінші «Қытай - Орталық Азия» форумы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Шараға Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесінің Бүкілқытайлық комитет төрағасының орынбасары, Бүкілқытайлық өнеркәсіп және сауда қауымдастығының төрағасы Ван Циньминь, Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов, Тәжікстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Азим Иброхим, Қырғыз Республикасы көлік және жол министрінің орынбасары Азимкан Жусубалиев, Қытайдағы Түрікменстан елшісі Чинар Рустамова, Цзянсу провинциясының губернаторы У Чженлун, ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі (министрдің орынбасары шеніндегі) Ли Хуэйлай, ҚХР мен Орталық Азияның ғылыми және іскерлік саласындағы өкілдері қатысты.

Қазақстандық делегацияны Қытайдағы Қазақстанның елшісі Шахрат Нұрышев бастап барды. Өз кезегінде ол қазіргі уақытта Ляньюньган портындағы қазақстандық-қытайлық терминал ең маңызды стратегиялық тораптардың бірі екенін атап өтті. Бұл транзит Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін арттырып, Азия - Тынық мұхиты аймағының нарығында қазақстандық экспорттың бағдарын қалыптастырады.

Шахрат Нұрышев өз сөзінде 2020 жылға қарай Ляньюньган қазақстандық-қытайлық терминалына 500 мың жиырмафуттық эквивалент (TEU) мөлшерінде контейнерлік жүк әкелу жоспарланып отырғанын хабарлады.

«Алдағы жылдары Қазақстан аумағы арқылы Санкт-Петербург пен Ляньюньган қаласын, «Қытай - Қазақстан - Ресей - Еуропа», «Қытай - Қазақстан - Түрікменстан - Иран» және «Қытай - Қазақстан - Орталық Азия» темір жолдарын байланыстыратын «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автокөліктік дәлізі Жібек жолының ең маңызды маршрутына айналып, аймақтағы көршілердің ортақ қолданысына пайдаланылатын болады», - дейді қазақстандық дипломат.

Бүкілқытайлық өнеркәсіп және сауда қауымдастығының төрағасы Ван Циньминь Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты мемлекетаралық өзара серіктестіктің жарқын үлгісі деп атады. Ол индустрияландыру және инвестиция саласында құны 28 млрд долларлық 51 жобаның іске асырылуы туралы еске салып, Ляньюньган портындағы қазақстандық-қытайлық логистикалық терминалдың маңыздылығын атап өтті.

Форум аясында Ляньюньган қаласының сауда-экономикалық және туристік әлеуеті таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар