Қытай Пентагон атып түсірген зондқа байланысты наразылық білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚХР Атлант мұхиты үстінде F-22 жойғышы атып құлатқан зондқа байланысты АҚШ-ты айыптап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Бейжің Вашингтонның Америка Құрама Штаттарының аумақтық суының үстіндегі нысанды атып түсіру шешімін айыптады. Беймәлім нысанды Вашингтон «қытайлық барлаушы зонд» деп атаған еді.

Мұны Қытай сыртқы істер министрлігінің жексенбі күні жариялаған мәлімдемесінен көруге болады.

ҚХР АҚШ-ты «шамадан тыс реакция көрсетіп, халықаралық тәжірибені өрескел бұзды» деп айыптап отыр.

Бейжің «пилотсыз басқарылатын ұшу аппараты» деп сипаттаған нысанға АҚШ-тың шабуыл жасап, күш қолдануына Қытай барынша наразы және қарсы» дейді ведомство.

ҚХР СІМ әрі қарай тиісті жауап қайтару құқығын өзіне қалдырады.

Еске салайық, 4 ақпанда АҚШ Оңтүстік Каролина жағалауында Атлант мұхитының үстінен ұшып бара жатқан Қытай аэростатын атып түсірген болатын.

Бұған дейін АҚШ аспанында жұмбақ шар пайда болып, оны Пентагон тыңшылық жасап жүрген Қытайдың объектісі деп мәлімдеген.

Бейжің мұның қате екенін айтып, асығыс шешім қабылдамауға шақырды.


Фото: Anadolu Agency



Соңғы жаңалықтар
telegram