Қытай шілде айында Ресейден келетін алтын импортын 8,5 есеге арттырды
ЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай Батыстың Ресей алтынын сатып алуға енгізген санкциялары аясында шілде айында РФ-дан келетін алтын импортын өткен аймен салыстырғанда 8,5 есе, $108,79 млн-ға дейін арттырды. Бұл туралы ҚХР Бас кеден басқармасының деректерінде келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
Қытай ведомствосының ай сайынғы жаңартылатын статистикасына сәйкес, шілдеде Ресей Бейжіңге алтын жеткізушілердің ондығына енді.
Тізімде Швейцария көш бастап тұр, одан кейін Канада, Австралия, Оңтүстік Африка және Сингапур тұр.
Қаңтар-шілде айларында Қытай Ресейден 133,6 миллион долларға алтын импорттады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есе көп.
Фото: g.foolcdn.com