Қытай ШЫҰ аясында техникалық-экономикалық ықпалдастық қорын құру мәселесін пысықтауды жоспарлауда

БІШКЕК. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қытай ШЫҰ-ға мүше-елдер аумағындағы ұлттық компаниялардың инвестициялық қызметін барынша ынталандыратын болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Бішкекте ШЫҰ-ға мүше-елдер Үкімет басшыларының кеңесінде сөз сөйлеген ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао мәлім етті.

«Атап айтқанда, бұл жергілікті компаниялармен бірлескен өндірістерді құруға және алдыңғы қатарлы қолдаңбалы технологияларды беруге қатысты», - деді Вэнь Цзябао.

Онымен бірге, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Қытай тарапы ШЫҰ Даму банкін құру бойынша жұмысты жағастыратынын және техникалық-экономикалық ықпалдастық қорын құру мәселесін пысықтауға ниетті екендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар