Қытай ШЫҰ елдерімен сауда-экономикалық уағдаластықты іске асырады

Бұл туралы ҚХР коммерция министрі Гао Хучэн мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.
«Біз тең құқық қағидатында ынтымақтастықты дамытуға әзірміз», - деп атап өтті ол.
Коммерция министрінің орынбасары Цянь Кэмин мәлімдегендей, 13 жылда Қытайдың ШЫҰ қатысушы елдермен сауда көлемі он еседен астамға, 130 млрд долларға дейін өсті.
Оның айтуынша, Қытай ШЫҰ-ға мүше елдерден тауарлардың кең спектрін белсенді импорттайды. «Орталық Азиядан біз газ импорттаймыз, ресейлік бөрене жиһаз әзірлеу үшін, Қазақстан бидайы Қытай дастарханына қойылады, Өзбекстан мақтасынан киім әзірлейміз, Тәжікстан жемісі қытай нарығында жақсы сұранысқа ие», - деп қосты Цянь Кэмин.
Ол сондай-ақ автомобиль жасау, электр стансасы құрылысы, сондай-ақ өндірістік жабдықтар мен компьютерлер жеткізу саласындағы ынтымақтастықты дамытуды атап өтті.
«Тығыз экономикалық байланыстар біздің елдердің гүлденуіне ықпал етеді», деп санайды министрдің орынбасары.
Сөз сөйлеу барысында ол қазір ШЫҰ елдеріндегі Қытай инвестицияларының көлемі 70 млрд доллардан асқанын атап өтті. Бұл ретте ШЫҰ елдерінің Қытайға инвестициясының көлемі 1 млрд доллардан асқан.