Қытай трансұлттық қылмыспен күресуде Қазақстанмен ынтымақтасуға әзір

Цао Цзянминь біздің елдеріміздің арасындағы сауда-экономикалық байланыстар тереңдей түсуін ескере отырып, Қытай мен Қазақстан қадағалау органдары арасындағы іс жүзіндегі ынтымақтастықты нығайту өте-мөте маңызды, деп атап өтті. «Бізде әртүрлі құқықтық және сот жүйесі болуына қарамастан, трансұлттық қылмыспен күрес саласындағы мақсаттарымыз ұқсас», - деп атап өтті Жоғарғы халық прокуроры.
«Трансұлттық қылмыспен күресте екіжақты қадағалау ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға, аймақтық тұрақтылықты ұстап тұруда, кәсіпорындардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуде, екі ел арасындағы сауда-экономикалық дамуға жәрдемдесуде Қазақстанмен бірге жұмыс жасауға әзірміз», деп атап көрсетті Цао Цзянминь.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры А.Дауылбаев 30-31 мамыр күндері Қытайда сапарда жүр. Бұдан бұрын А.Дауылбаев ҚХР әділет министрі У.Аййнмен кездесу өткізді.
Қытай әділет министрлігінің басшысымен кездесу барысында сотталғандарды аудару бөлек әңгіменің тақырыбы болды. Тараптар 2011 жылғы ақпанда жасалған сотталғандарды беру саласындағы шартты ратификациялау үдерісін шапшаңдатуға және оны жүзеге асыру үшін практикалық қадамдар жасауға уағдаласты. Бұл құжатқа қол қою өзекті, өйткені бүгінде ҚХР-дың 20 адамы Қазақстанда, ал Қазақстанның 15 азаматы - Қытайда жазасын өтеуде.
Бүгін А.Дауылбаев Шанхайда сапарда жүр, онда қытай мегаполисінің прокуратурасы басшығылығымен жұмыс кездесуі және Шанхай қаласы прокуратурасының Орталық жедел басқармасында болу жоспарланған.