14:16, 01 Маусым 2010 | GMT +5
Қытай Түркияда өтетін АӨІСШК ІІІ саммитіне қатысады
БЕЙЖІҢ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытай Түркияда өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің ІІІ саммитіне қатысады.
Бұл туралы сейсенбі күні Бейжіңде Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ма Чжаосюй мәлім етті.
Қытай дипломаты хабарлағандай, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің мүшесі Дай Бинго Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Түркия Президенті Абдулла Гүлдің шақыруы бойынша Қытай Төрағасы Ху Цзиньтаоның арнайы өкілі ретінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің ІІІ саммитіне қатысады.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі елдерінің мемлекет басшылары мен үкімет басшыларының ІІІ саммиті маусымның 8-інде Ыстамбұлда өтеді.