Қытайда 116 экскаватор көпірді екі түнде бұзып бітірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Наньчан қаласындағы бетон көпірді 116 экскаватор жұмылдырып бұзып тастады. Осындай видеоны CCTV+ телеарнасы жария етті.

 Қытайда 116 экскаватор көпірді екі түнде бұзып бітірді

Цянси провинциясы астанасының билігі 24 жылдық эстакаданы жаңа метро бағытын салу үшін бұздырған.

Жұмыс 26 тамызда түнге қарай 22:30-да басталған. Көпірдің көп бөлігі бірінші түнде бұзылды. Ал қалған бөлігі 28 тамызды аяқталды.

Жұмыс 56 сағатқа созылған. Сол уақытта көлік қозғалысы тоқтатылған.