Қытайда 14 оқушы қызды зорлаған қылмыскерді өлім жазасына кесті

АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысында Чжэцзян провинциясында кеше 14 кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам өлтірілді, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.
None
None

Соттың анықтағанындай, Лишуй қаласында 42 жастағы караоке-бар иесі 2007 жылдың ортасынан 2009 жылғы ақпан айына дейін алдап-арбап, мектеп оқушыларын машинасына отырғызып, одан кейін зорлаған. Лишуй қаласының соты 2009 жылғы 22 қыркүйекте қылмыскерге өлім жазасын кесті, Чжэцзянның жоғарғы халықтық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Соңғы жаңалықтар