Қытайда 30-дан астам көне жәдігерді тонаушылар ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шэньси провинциясында полиция қызметкерлері Батыс Чжоу династиясы кезеңінде көмілген көне жәдігерлерді ұрлауға қатысы болуы мүмкін 32 адамды ұстады.
Бұл жайлы Хуашанбао басылымы хабарлайды.
Тәртіп сақшылары көне зираттарды тонаумен айналысатын жеті ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. Прокуратура бірнеше қылмыстық бап бойынша іс қозғады. Іздеу кезінде күдіктілерден 300-ге жуық көне жәдігер табылды, олардың үшеуі жоғары дәрежелі ұлттық құндылыққа жатады. Полиция қызметкерлері сондай-ақ, олардан 1 млн доллардай ақша мен 16 автокөлік тәркіледі.