Қытайда 5,1 балдық жер сілкінісі болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 28 желтоқсанда Алматы уақыты бойынша сағат 19:19-да Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісінде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жер сілкінісінің ошағы Қытайдың территориясында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 750 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.8. MPV магнитудасы - 5,1. Эпицентр координаттары - 39,49°, солтүстік-шығыс - 84,37°. Тереңдігі - 5 км. Байқағыштық туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - деді Алматы қаласы ҚҰҰ кезекші операторы.