Қытайда 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 18 шілдеде Алматы уақыты бойынша сағат 01:42-де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 685 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.6. MPV магнитудасы 5,2. Эпицентр координаттары: 39,41° солтүстік ендік, 83,34° шығыс бойлық. Тереңдігі – 5 шақырым. Сезілу туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) келіп түскен жоқ», - делінген кезекші оператор хабарламасында.

Ашық көздерден алынған фото
Соңғы жаңалықтар